Гүлшат кенті әкім аппараты мемлекеттік басқару функцияларын орындауға,

өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Қарағанды облысы және Балқаш қаласы әкімдігі мен әкімінің кесімдерімен, басқа да нормативтік – құқықтық актілерді және Гүлшат кенті әкім аппаратының Ережесін басшылыққа алып атқарады және жүзеге асыру бойынша іс-шаралар өткізеді.

Мемлекеттік басқару деңгейі шегінде құзырлығы арасында кент әкімі аппаратына табысты құрастыру жүктелген. Банкте арнайы есеп шоты ашылды, онда түсірілген табыс көзі кенттің іс-шараларына өз алдына жұмсалады. Табыстар көзі мемлекеттік мүлікті жалға беруден, тысқы жарнама орнатудан, кент көркін бұзудан және т.б. болып табылады.

Кент әкімдігіне жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Гүлшат кентінің даму кешендік жоспары жасалды. Кешендік жоспар мынадай іс-шараларға бағытталған:

  1. кенттің экономикасын дамыту;

  2. кенттің әлеуметін дамыту, оның ішінде:

- кенттің әл-ауқатын көтеру;

- кенттің жұмыстылығын қамтамасыз ету;

- кенттің инфрақұрылымын жабдықтау.

  1. жылғы бағдарламаларды қаржыландыру 22172 мың теңге құрайды,

оның ішінде кентті көркейтуге- 4006 мың тенге. Осы қаражатқа кенттің габаритті емес қоқыстары шығарылды, кент жарық шамшырақтары ауыстырылды, шырақтар жөнделді және қолданылған электрқуатының төлемақысы төленді, суландырудың су құбырлары жөнделді.

Гүлшат кентінің әлеуметтік суреттемесі

Жалпы халық саны 513 адам, оның ішінде экономикалық белсінді халық саны- 336 адам, оның жұмыспен қамтылғаны – 285 адам. Экономикалық белсенді емес адам саны- 177, оның ішінде зейнеткерлер- 63, мүгедектер- 18 адам.

Мемлекеттік қызмет көрсету

Кент әкім аппараты өз құзыреті шегінде рұқсат беру рәсімін орындайды, жануарға арналған ветеринарлық төлқұжатын және ветеринарлық анықтамасын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2013 жылы тұрғылықты орында құжаттандыру бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде мобилдік халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдауы ұйымдастырылған.

2013 жылы, жыл басынан Жұмыспен қамту 14 жұмыссыз тіркелді, оның 1 жас адам. 12 адам ақылы қоғамдық жұмысына тартылды. «Тастемір» ЖШС-на 1 адам жұмысқа тартылды. 2014 жылы жұмыстылық артады.

Есепті жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар 7 отбасы 16 балаға, тұрғын-үй жәрдемақысы 2 отбасы 7 адамға жәрдемақысы тағайындалды.

Гүлшат және Шұбар-Түбек елді мекендерінің жалғыз басты зейнеткерлері мен мүгедек жандарға әлеуметтік қорғау мақсатымен 2 әлеуметтік қызмет көрсетеді. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тегін монша жасайды.

Білім

«Гүлшат кенті қысқартылған күн бойы болуға арналған мектепке дейінгі шағын орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп жасына дейінгі 9 балалар айналысады.

Денсаулық

Гүлшат және Шұбар-Түбек елді мекендерінің тұрғындарына медициналық пункті қызмет көрсетеді. Әр тоқсан сайын қалалық білікті мамандар келіп, қабылдау жүргізеді.

Мәдениет және спорт

Тұрғындардың ұлттық мәдениетін дамытуға және жетілдіруге көмек көрсету іс-шараларын орындау шегінде кентте клуб, кітапхана, жұмыс істейді. Мұнда көркем өнерпаз, би, домбыра, вокалдық тоқыма кружоктары ұйымдастырылған. Барлық жалпы кенттік іс-шаралар клубта өткізіледі.

Жұмыстың аса маңызды арнасы ауыл жастарына бағытталған.

Экономика

Кент аумағында 20 кіші кәсіпкерлік субъектілері бар. Осы салада тұрғындардан 98 адам жұмыс атқарады, экономикалық белсенді халықтың 29,2% құрайды.

Ауылшаруашылық

Кенттің жеке қосалқы шаруашылығында 54 аула мал және құс ұстайды. Мал басының саны ірі қара мал- 503 бас , ұсақ мал- 1115 бас , жылқы- 32 бас, түйе- 63 бас , құстар- 280.

2013 жылы ауыл шаруашылық саласын дамыту мақсатымен 6 га бақша тамшылату қондырғысымен ұйымдастырылды, оның бағасы 1 500 000 тенге құрайды. Онда қызанақ, қияр, қарбыз және қауын өсірілді. 2014 жылы бақшалық орнын үлкейту көзделіп отыр.

Кентте мал бастарын ветеринарлық қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық пункті ашылды.

Қоғамдық қауіпсіздік

Кенттің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Балқаш қалалық Ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы жұмыс істейді.

Коммуналдық шаруашылық

Кенттің отжағу маусымдығы уақытысында басталып, ұйымдастырылды.

Гүлшат кентінің ұйымдары, тұрғын-үйлері пеш арқылы жағылады.

Кент электр энергиясымен тұрақты тоқтаусыз қамтамасыз етіледі. Кент ішілік электр желілері және трансформаторлық станциясына Балқаш «ЖРЭК» АҚ-ы қызмет көрсетеді.

Балқаш-Гүлшат автомагистралі бойынша автобустық маршруты кестеге сәйкес қатысады.

Телефондық желілеріне қалалық «Қазақтелеком» телекоммуникация торабы қызмет көрсетеді.

Тұрғын-үй қоры

Гүлшат және Шұбар-Түбек елді мекендерінде тұрғын үй қорын 170 ауладан тұратын 132 үйді құрайды.

2014 жылға қаралған қаражат көзі: барлығы 23 221 мың теңге, оның ішінде кентті көркейту іс-шарасына габаритті емес қоқыстарды шығару, көше жарығының шамшырақтарын ауыстыру, шырақтарды жөндеу және қолданатын электрқуатының шығынын төлеу -3249 мың тенгеге көзделген.

2014 жылы бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарымен қоса мақсаттарды орындау міндеттері тұр.

 

 

Гүлшат кентінің әкімі М. Шохметов

 


Обновлено ( 30.01.2014 02:46 )