9 мамыр Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай мереке Гүлшат кентінің «Ұлы Жеңістің 60 жылдығы» атындағы саябағындағы Гүлшат, Шұбар-Түбек елді мекендерінің соғыс ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткішге еске алу тағзым жасаумен басталды.

Гүлшат кенті бойынша тыл ардагерлері Тойамбеков Балтабай Тойамбекович және Шведова Ядвига Васильевна Қазақстан Республикасы Президентінің атынан кент клубында салтанатты түрде марапатталды.

Салтанатты жиналыс құттықтаулармен, баяндамалармен жалғасып, мерекелік концерт назарға ұсынылды. Концерт соңында дөңгелек үстелде сұхбат жалғасты.