Гүлшат кенті әкім аппараты мемлекеттік басқару функцияларын орындауға,

өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Қарағанды облысы және Балқаш қаласы әкімдігі мен әкімінің кесімдерімен және басқа да нормативтік – құқықтық кесімдерді және Гүлшат кенті әкім аппаратының Ережесін басшылыққа алады.


Гүлшат кенті әкімі аппаратының қызметі, функциялары


Кент әкімі аппаратын кент әкімі басқарады, әкім өз лауазымына Қазақстан Республикасы Президентінің құрастырған тәртібі бойынша тағайындалады.

Кент әкімінің құзыреті:

1) Гүлшат кенті әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы болып келеді және оның атынан мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен және азаматтармен сенімхатсыз қарым-қатынастарға түседі.

2) Азаматтардан түскен арыз, өтініштерді уақытында қарап, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғауға шаралар қолданады.

3) Салықтың, басқа да міндетті төлемдердің уақытында бюджетке түсуіне көмектеседі.

4) Әкім аппаратының қаржылық бағдарламасын жасайды, оны мәслихатта бекіту үшін, өзінен жоғары тұрған әкімшілікке құрастырып, ұсынады.

5) Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік – құқықтық актілерін орындауын қадағалауға жәрдемдеседі.

6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады;

  1. Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттейді.

  2. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар автомобиль жолдарын салуды, қайта жасауды, жөндеуді, ұстауды бақылайды.

9) Шаруа (фермерлік) қожалықтарының, кәсіпкершілік әрекеттердің өркендеуіне көмектеседі.

10) Өз құзіреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет заңдылықтарының орындалуын, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар запастағы әскери міндеттілердің әскерге шақырылуын дайындау, шақыру жұмыстарын ұйымдастыру және орындау.

11) Әділет органдарының бөлімшелері жоқ жерлерде, нотариалдық іс - әрекеттердің жасалуын ұйымдастырады, азаматтардың хал актілерін тіркеу жұмыстарының Қазақстан Республикасы заңдылықтарында белгіленген талаптарға сай болуын қадағалайды.

12) Мәдени және тарихи ескерткіштердің сақталуы үшін жұмыстар жасайды.

  1. Аз қамтамасыз етілген жандарды анықтайды, жоғарғы органдарға

жұмыспен қамту және тұрғылықты әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жөнінде

ұсыныс жасайды, жалғыз басты қарияларға және мүгедек жандарға үйіне көмек жасауды ұйымдастырады.

14) Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымдардың өркендеуіне жәрдемдеседі.

15) Тез арада дәрігерлік көмек қажет болған жағдайда, ауруды жақын жердегі денсаулық сақтау орынына жеткізуді ұйымдастырады.

16) Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тығыз байланыста болады.

17) Шаруашылық емес статистикалық есепті жүзеге асырады.

18) Жергілікті бюджетті бекіту (дәлдеу) үшін қалалық мәслихат сессиясының жұмысына қатысады.

19) Өз құзыреті шегінде тұрғылықты жерлердің сумен қамтамасыз етілуін және суды дұрыс пайдалану сұрақтарын шешеді.

20) Кентті абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, тазалық жасау жұмыстарын ұйымдастырады.

21) Ешкімі жоқтарды жерлеуді ұымдастырады, молалардың дұрыс жағдайда сақталуы үшін қоғамдық жұмыстар жасайды.

Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен кент әкімінің назарына шешетін басқа да сұрақтары енгізілуі мүмкін.

Гүлшат кенті әкімі өз құзіретіне жататын өзінен жоғары тұрған Әкімнің қызмет бабы бойынша жүктеген міндеттерін орындауға, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру мен әрі қарай жүзеге асыруда арнайы жауапкершілікпен қарауға тиісті.


Жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізетін Гүлшат кентінің әкімі Мұхтар Серікұлы Шохметов

- мекен жайы Гүлшат кенті Ағыбай батыр көшесі,

- тел. / факс (8 710 36) 53953.


Жеке сұрақтармен қабылдау кестесі:

- әр сәрсенбі күні сағ. 17.00.-ден 18.00.-ге дейін