Балқаш қаласы әкімі

аппаратының жетекшісі

С.С. Асылбековаға

 

                                                              

        28 сәуір күні Балқаш қаласының студенттері ауылымызға «Ауылдың гүлденуі: Қазақстанның гүлденуі» атты марафонмен келді.

Келген студенттер саябаққа өздерінің әкелген көшеттерін отырғызып сенбілік ұйымдастырды.  Сенбілік соңында тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған концерт қойды. Жастардың ауыл тұрғындарына ұсынған концерті халықтың көңілінен шықты.

       1 мамыр күні « Бірлік барда – тірлік бар» атты ұлт өкілдерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: « Ауылымызда тұратын басқа ұлт өкілдері мен тұрғындардың достығын көрсету» -деді клуб меңгерушісі Г. Дайрабаева.

       Ұлы Жеңіс күні « Желбіре жеңістің жалауы» атты  жеңістің 66- жылдығына арналған концерт болды. Оқушылардың орындауында тақпақтар мәнерлеп оқылып, қысқа көріністер қойылды. Концерттің соңында Асылбекованың орындауындағы «Алатау» әні көпшіліктің көңілінен шықты.

       Кітапханада  ақын Б. Тәжібаевтың 85 жыл толуына байланысты  кентімізде тұратын қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі оралман   Жеңісхан Асылханмен кездесу өтті. Кездесуде жас мұғалім өзінің  шығарған  өлеңдерін ұсынып оқыды.

Ақын қоғам қайраткері Олжас Сулейменовтың 75 жылдық қарсаңында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның әр жылдары жазылған

30-ға жуық кітаптары қойылды.