Гүлшат және Шұбар-Түбек елді мекендерінің әлеуметтік-

экономикалық жағдайы қалыпты.

«Қазақстан -2020» бағдарламасы аясында Гүлшат кентінің әлеуметтік-

экономикалық жағдайын көтеру мақсатында 2011 -2015 жылдарға арналған Стратегиялық және 2010-2013 жылдарға арналған кешендік жоспарлары бекітілді. Берілген бағдарламалардың нәтижелі көрсеткіштерін және іс – шаралардың мақсаттық индикаторларын, тапсырмаларын және мақсаттарын іске асыруда 2012 жылға қаралған қаражат көзі:

- барлығы 20216 мың теңге, оның ішінде:

  • кент әкімдігің қызметін қаматамсыз етуге – 12180 мың теңге;

  • әлеуметтік көмек көрсетуге- 897 мың теңге;

  • жергілікті деңгейде мәдени жұмыстарға қолдау көрсетуге- 3548 мың теңге,

  • елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға- 1056 мың теңге;

  • елді мекендердің санитариясын қатамасыз етуге – 450 мың теңге,

  • кентті көркейту және көгалдандыруға - 2000 мың теңге,

2012 жылдың 5 ай нәтижесі бойынша игерілген қаражат- 6224 мың теңге.


Гүлшат кентінің әлеуметтік суреттемесі

Жалпы халық саны 625 адам, оның ішінде экономикалық белсінді халық саны- 325 адам. 2012 жылы, жыл басынан Жұмыспен қамту 14 жұмыссыз тіркелді, оның 2 жас адам. Олардың 4 адам еңбекке, ал 10-ы жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысына тартылды. Төленгені 871950 теңге. Жұмыссыздық деңгейі 1,2%.

Кедейшілік деңгейі 85 % төмендеді. 2011 жылы атаулы көмек алушылар жоқ, 18 жасқа дейінгі балалары бар 7 отбасы 18 балаға 98230 теңге, тұрғын-үй жәрдемақысы 3 отбасы 11 адамға 51993 теңге төленді.

Гүлшат және Шұбар-Түбек елді мекендерінің жалғыз басты зейнеткерлері мен мүгедек жандарға әлеуметтік қорғау мақсатымен 2 әлеуметтік қызмет көрсетеді. Оларға тегін монша жұмыс істейді.

Білім

Кентте қазақ тілі шағын мектебінде оқушылар саны - 4 бала. 1 мезгілдік ыстық тамақ қарастырылған. Мектеп жасына дейінгі балалар мектептік шағын орталығында айналысады.

Денсаулық

Гүлшат және Шұбар-Түбек елді мекендерінің тұрғындарына медициналық пункті қызмет көрсетеді. Әр тоқсан сайын қалалық білікті мамандар қабылдау жүргізеді.

Мәдениет және спорт

Тұрғындардың ұлттық мәдениетін дамытуға және жетілдіруге көмек көрсету іс-шараларын орындау шегінде кентте клуб, онда кітапхана, жұмыс істейді. Мұнда көркем өнерпаз, би, домбыра, вокалдық тоқыма кружоктары ұйымдастырылған. Барлық жалпы кенттік іс-шаралар клубта өткізіледі.

Экономика

Кент аумағында 20 кіші кәсіпкерлік субъектілері бар. Осы салада тұрғындардан 98 адам жұмыс атқарады, экономикалық белсенді халықтың 30,6% құрайды.

Ауылшаруашылық

Кенттің жеке қосалқы шаруашылығында 60 аула мал және құс ұстайды. Мал басының саны ірі қара мал- 537 бас , ұсақ мал- 1099 бас , жылқы- 30 бас, түйе- 53 бас , құстар- 188.

Қоғамдық қауіпсіздік

Кенттің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Балқаш қалалық Ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы жұмыс істейді.

Коммуналдық шаруашылық

Кенттің отжағу маусымдығы уақытысында басталып, ұйымдастырылды.

Гүлшат кенттің ұйымдары, тұрғын-үй пешпен жағылады.

Кент электр энергиясымен тұрақты тоқтаусыз қамтамасыз етіледі. Кент ішілік электр желілері және трансформаторлық станциясына Балқаш «ЖРЭК» АҚ-ы қызмет көрсетеді.

Балқаш-Гүлшат автомагистралі бойынша автобустық маршруты кестеге сәйкес қатысады.

Телефондық желілеріне қалалық «Қазақтелеком» телекоммуникация торабы қызмет көрсетеді.

Тұрғын-үй қоры

Гүлшат және Шұбар-Түбек елді мекендерінде тұрғын үй қорын 176 ауладан тұратын 132 үй құрайды.


 

Гүлшат кентінің әкімі М. Шохметов