Гүлшат кентінде 2012 жылғы 05-қазанда «Ұстаздардың ұстазы» атты пікірлесу өтті. Кездесуге қарт ұстаз Қарлығаш Жөктайқызы Момбекова шақырылды. Ұстаз өзінің өмір және еңбек өткелін жас ұрпаққа үлгі ретінде айтып өтті. Кездесуде көрермендер сұрақтар қойып, онда жауаптарын ала отырып, өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдірді. Кеш соңында ризашылық лебізбен қандай адам, қандай мамандық иесі болсын , ұстаз алдынан өтетіні айтылып, «ҰСТАЗЫМ» әні шырқалды.