Гүлшат кентінде 2012 жылғы 1желтоқсан күні сағат 11.00-де «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арналған жиын мемлекеттік әнұранмен ашылды. Жиынды кент әкімі Шохметов Мұхтар Серікұлы ашып, кент тұрғындарын Қазақстан Республикасында алғаш аталып отырған «Тұңғыш Президент күні» мерекесімен құттықтады. Мектеп директоры Ермек Әкімжанқызы құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ерен еңбегін баяндады. Зейнеткер Гүлназ Хамиқызы құттықтауын білдірді. Мерекелік іс-шара «Елбасы-тірегім» атты концертпен жалғасты. Мерекелік концерт өз мәнінде өтті. Концерт соңында Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әні айтылды.