2013 жылғы 25 сәуір күні Гүлшат кентінде «Бейбітшілік кезінде төтенше жағдай қаупі кезінде апаттан аман алып қалудағы жергілікті басқару органының әрекеті » атты командалық- штабтық жаттығулар өтті. Жаттығулар 3 кезеңнен тұрды:

1 - «Өрттен қорғану» .

2 - «Эвакапунктінде қабылдау және эвакохалықты орналастыру».

3 - «Сапқа тұру».

1 кезең бойынша Гүлшат мектебінің шағын орталығы балаларын және мектеп жұмыскерлерін өрттен қорғау іс-шарасы өткізілді.

2 кзең бойынша Эвакоқабылдау пунктінің эвакохалықты қабылдау және ораластыру жұмыстары мен қабылдау мүшелерінің қызметтік нұсқаулықтары бойынша іс-әрекеттері тексерілді.

3 кезең бойынша жеке құрам құрылымы сапқа тұрғызылды, онда ТЖ бойынша әр-бір звено командирлері табиғаттық және техногендік сипаттағы жағдайда іс-әрекеттері, міндетері туралы баяндады.

Өткізілген КШЖ нәтижесі бойынша оң баға берілді.